1. Жалпы ережелер
1) қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы Білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Петровка ауылының негізгі орта мектебі"КММ. Заңды мекенжайы Петровка ауылы, Әлия Молдағұлова көшесі, 47.
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
"Петровка ауылының негізгі орта мектебі" КММ 5 Мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2022 жылы білім беру ұйымымен 9 қызмет көрсетілді;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 0;
электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-6 ;
қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер-3 қызмет.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2021 жылы білім беру ұйымы 15 қызмет көрсетті;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 0;
электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-15;
қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-0.
3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: білім беру саласындағы неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау";
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау".
"Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау".
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат білім беру ұйымының ресми интернет-ресурсында http://petrovka-sand-akm.edu.kz/ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған, мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен қағидалары орналастырылған. Сондай-ақ, ақпараттық стендте мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді және құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады. Білім бөлімі және ведомствоға қарасты ұйымдар Нормативтік-құқықтық актілерді әзірлемеген.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
2022 жылы білім беру ұйымы БАҚ және әлеуметтік желілерде 1 мақала жариялады. Ай сайынғы негізде БАҚ, қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.
Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 20 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
"Петровка ауылының ЖББОМ" КММ-де мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 2 қызметкер көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2023 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2023 жылы ұйым жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.
Мектеп директоры: Горячева С. Л