01.12.2025
далардың 1-қосымшасына сәйкес негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымының басшысының атына жазылған, құжатын жоғалтқан немесе бүлдірген білім алушының немесе кәмелетке толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) өтініші;
2) білім алушының туу туралы куәлігі немесе жеке басын куәландыратын құжаты (төлқұжаты) және (немесе) цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін қажет);
3) тегі (аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) өзгерген кезде және (немесе) білім туралы құжат бүлінген жағдайда – білім туралы құжаттың түпнұсқасы қоса беріледі.
Порталға: негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымының басшысының атына жазылған, қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе ұялы байланыс операторымен порталдағы жеке кабинетке тіркелген және қосылған абоненттік нөмір арқылы расталған біржолғы құпиясөзімен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері:
1) негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымының кеңсесі;
2) “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы”коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
3) “электрондық үкімет” веб-порталы: www.egov.kz.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымына немесе порталға тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні.