Текст
Көзделген іс-шараларға сәйкес 6 сынып оқушылары ата-аналар және сынып жетекшісі Т.П.Хлыстунмен бірігіп туған өлкенің көрікті жерлері бойынша бір күндік жорық жасадық. Балалар үлкен және кіші «Бақырашқа», «Аршагүл» төбесіне бардық.Аялдама кезінде су бұлағын тазалады, тамақтанып, таза салқын су іштік. Орман алаңында көңілді эстафеталар мен ойындарды қызықты өткіздік.Ата-аналар балаларымен «Өз туған өлкеңді білесің бе?» викторинасының қатысушылары болды, оның кезінде балалар өз білімін көрсетіп ғана қоймай, өлке туралы көп жаңа және қызықты нәрсе білді. Шаршаған, бірақ риза кешке жақын үйге қайттық.