«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Петровка ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Петровка отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім ғұрпы жалпыға бірдей болу керек.

24.04.2017

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа қарау: Қоғамдық сана-сезімді жаңғырту» мақаласы ұлттың рухани жаңару бағдарламасы бола отырып, біздің өткен күнімізге баға береді және болашаққа перспективалар ашады. Қалыптасу тәуелсіздік жылдарында Петровкада 1 мемлекеттік қазақ-орыс бала бақшасы, мектеп қызмет етеді.

Мектептегі оқушылар саны көбейіп келеді. Білім берудің үштілді саясаты туралы айтсақ, Қазақстанның жастары қазақ, орыс тілдерімен қатар ағылшын тілін де жоғары деңгейде үйренеді. Мемлекет басшысының мақаласында бүкіл халықтың талқылауына  2025 жылға дейін қазақ алфавитін латынға ауысу туралы ұсыныс шығарылды. Ауысу технологиялар саласында жаңа перспективалар ашады, соның арқасында ұлт дамуға мүмкіндік және әлемнің ең дамыған елдердің көрсеткіштеріне жете алады. Н.Ә.Назарбаевтың мақаласы ұлтты бірігуге шақыратын жаңа тарихи құжат болып табылады. Дамыған елдердің алдыңғы қатарлы тәжірибесіне сүйене отырып, мақалада «Мәңгілік ел» идеясын іске асыру призмасы арқылы азаматтардың бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелейтін әдістерге аса назар аударылады. Осы мақсатқа жету үшін өзіңнің рухани әлеміңді өзгерту керек. Біз, ауылдық инттеллигенция өкілдері, Президентті толықтай қолдаймыз. Мақаланың тағы бір маңызды бөлігі «Жаңа гуманитарлық білім» бағдарламасы болып табылады. «қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша қазақ тілінде 100 жаңа кітап, дамыған елдердің заманауи технологиялары мен тәжірибесін пайдалана отырып, олар оқушыларға және бүкіл өсіп келе жатқан ұрпаққа жаңа сапалы білім беруге бағытталған. Елбасы білім беруді дамытуға үлкен назар аударады, себебі білімді құрметтейтін ұлт  - әрқашан биік шыңдарға шығады. Тәуелсіз жылдары 1300 мектеп салынды. Президент өзінің мақаласында айтып өткен барлық жобалар  елдің ұстаздары мен педагогикалық құрам арасында жағымды пікірлер тудырады. Менің ойымша мақала терең бағдарламалық мақала болып табылады және заманауи белсенді тұлға үшін үстел үстіндегі кітап болуға тұрарлық. Расында да, «Аман қалу үшін – өзгеру керек». Солай, Н.Ә.Назарбаев өз үндеуінде нақты мәселелерді көтереді және XXI ғасырда ұлттық рухты көтеруде оларды шешу жолдарын ұсынады.

Просмотров: 957


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст