31 наурызда Петровка НМ педкеңес өтті. 1 сынып мұғалімі Н.Ж,Қошқарбаева тоқсанға суммативтік бағалауды өткізу
жұмыс тәжірибесімен бөлісті және қол жеткізген нәтижелер туралы айтып берді. Өзінің баяндамасында мұғалім критерийлік бағалауды қолдауда білім сапасы жоғары пайызды көрсетті, 88% құрады. Мектеп директоры Горячева С.Л. облыстық директорлар жиналысында алынған ақпаратты ұжымға жеткізді.Мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі 1, 2, 3 тоқсанға білім сапасының мониторингін өткізді. Мектеп ұжымы замануи технологияларды пайдалану арқылы білім сапасын арттыру жолдарын көздеді. Педкеңес мектептің педагогы-психологы Т.П.Хлыстунның баяндамасымен аяқталды, ол педагогтарға арналған «Менімен тілдесу жайлы ма екен?» коммуникативтік тренинг
өткізді.