Текст
16.10.2026
Бүгін бастауыш сыныптар онкүндігі аясында бастауыш мектеп оқушылары үшін «Сөз әлеміне саяхат» атты танымдық-интеллектуалдық ойын өтті! 📚✨
Бұл шараның басты мақсаты — оқушылардың сөздік қорын байыту, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Ойын барысында балалар әртүрлі тапсырмаларды орындап, ребустар шешті, мақал-мәтелдердің сырын ұғып, тапқырлықтарын танытты.
Кішкентай біліммпаздарымыз белсенділік танытып, топпен жұмыс істеуде үлкен ынтымақтастық көрсетті. Ойын өте қызықты әрі тартысты өтті!
Барлық қатысушыларға алғыс айтамыз және жаңа білім шыңдарын бағындыруда сәттілік тілейміз! 🌟